Бас хатшы Әзербайжанның диаспорасы бойынша мемлекеттік комитетіне кіріп шықты
2019 жылғы 8-ші сәуірде Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Әзербайжан Республикасы диаспорасы жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасының бірінші орынбасары Валех Гаджиевпен кездесті.
Кездесу барысында Бас хатшы Әзербайжан диаспора мәселесі бойынша табысты саясат жүргізіп келе жатқанын және болашақта бірлескен іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Ол шетелде тұратын түркітілдес халықтарды біріктіретін платформа туралы әңгімеледі.
Төраға орынбасары түркітілдес мемлекеттердің бірлескен іс-щараларының маңыздылығы туралы әңгімеледі. Ол елдер диаспора мәселесі бойынша тиімділікті арттыру үшін көп күш жұмсау керектігін атап өтті.
Жалпы алғанда, тараптар болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері мен бірлескен іс-шаралар туралы пікір алмасты.