Thursday, 23 March 2023, 09:33:18 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасымен кездесті

2019 жылғы 19 сәуірде Санкт-Петербург қаласындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 49-шы Пленарлық отырысы шеңберінде Бас Хатшы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңадан сайланған Төрағасы Дариға Назарбаева ханыммен қабылданды.

Мамаюсупов мырза Дариға Назарбаеваны Сенат Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, ұйымның ағымдағы және болашақ қызметі туралы қысқаша хабардар етті. ТҮРКПА комиссияларының шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандыру барысында Бас хатшы Ассамблея жұмысына қазақстандық парламентшілердің белсенді қатысуын атап өтті.

Парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсете отырып, Дариға Назарбаева ханым ТҮРКПА-ның төрт мүше ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Төраға Түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтті және ТҮРКПА-ның қызметін жан-жақты қолдауға дайын екенін білдірді.

Тараптар ТҮРКПА-ның алдағы Тоғызыншы пленарлық сессиясының дайындықтары туралы әңгімелесті және мүше елдердің парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.