ТҮРКПА іс басындағы Төрағасы Хатшылыққа келіп кетті
2019 жылғы 6 наурызда жаңадан тағайындалған Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) мен ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы Мұстафа Шентоп және Әзірбайжан Республикасының Милли Меджлисінің Төрағасы Огтай Асадов мырзалар ТҮРКПА –ның Хатшылығына келіп кетті.
ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов және Бас хатшының орынбасарлары Фуад Алакбаров, Наурыз Айдаров пен Али Йылдыз мырзалар Парламент басшыларын қарсы алды.
Кездесу барысында Бас хатшы қатысушыларды 2019 жылы барысында Түрік төрағалығымен өткізілетін ағымдағы және болашақ іс-шаралар туралы хабардар етті. Шентоп мырза Ассамблеяның түркітілдес елдер арасындағы өзара тиімді парламентаралық ынтымақтастық пен диалогты дамытудағы қызметін жоғары бағалады.
ТҰҰМ Спикерімен Түрік парламентшілерінің делегациясы бірге жүрді.