Thursday, 23 March 2023, 09:46:10 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Түркия парламентінің спикері ТҮРКПА делегациясын қабылдады

2019 жылғы 4 наурызда жаңадан сайланған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы және ТҮРКПА іс басындағы Төрағасы Мұстафа Шентоп мырза ТҮРКПА делегациясындағы Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов пен Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз мырзаларды қабылдады.

Бас хатшы Шентоп мырзаны Түрік парламентінің спикері лауазымына сайлануымен құттықтап, ұйым жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Кездесу ТҮРКПА-ның ТҰҰМ төрағалығы аясында жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылаумен жалғасты.