Wednesday, 29 March 2023, 07:26:55 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Түркиядан және Қырғызстаннан, Қазақстаннан, Әзірбайжаннан сарапшылар және парламентарийлер қатысқан, Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісімен ұйымдастырылған, халықаралық ара-қатынас және құқықтық сауалдар бойынша ТҮРКПА Комиссиясының алтыншы отырысы 2018 жылдың 31 қазаныңда Бакуда өткізілді. Кездесу күн тәртібінің негізгі тармағы "ТҮРКПА қатысушы елдердің лаңкестікке қарсы заңнамасы бойынша бірлескен ұстанымды әзірлеу" болды.

Отырыс ТҮРКПА құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы және Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі Исмет Учма мырзаның төрағалық етуімен өтті. Лаңкестікке қарсы күрес туралы халықаралық шарттарға қатысу қажеттілігін атап өтіп, қатысушылар лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты және осы мәселе бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы пікірталастар өткізді.

Комиссия осы мәселе бойынша баяндама мен ұсыныстарды ТҮРКПА 2018 жылғы 20-21 қарашада Түркияда өтетін сегізінші пленарлық отырысында бекітілді. Отырыстың күн тәртібіне сондай-ақ хатшылықтың жаңа Қаржылық регламенті мен сіңірген еңбегі үшін медальдар мен медальмен марапаттау туралы куәліктер туралы Ереже қабылданды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар