Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясы (ҚТЭЫПА) өзінің 51-ші пленарлық сессиясын өткізді
2018 жылғы 19-21 маусым айының аралығында Тирана қаласында Албания Парламентінің төрағалығымен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының 51-ші Пленарлық отырысы (ПАЧЭС, ҚТЭЫПА) өтті.
Пленарлық мәжілісте ҚТЭЫПА -ның мүше елдердің парламенттік делегациялары, ҚТЭЫПА -ның байқаушы ұйымдар және қонақ мекемелер жиналды. Сессияның басты тақырыбы «Қара теңіз экономикалық ынтымақтастықтың мүше мемлекеттердің парламенттері: экономикалық, әлеуметтік, мәдени және экологиялық дамудың жалпы мәселелері - шындық және көзқарас» болды.
Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мәжілісте бақылаушы ретінде қатысты және еуразиялық аймағының жетекші парламентаралық ұйымдары арасындағы практикалық ынтымақтастық аспектілері, сондай-ақ олардың арасындағы қолмақол келісімдікті қолдау туралы сөз сөйледі. Бас хатшы сондай-ақ Түркі әлемі Қара теңіз аймағына жақын болғандықтан, осы географиялық аймақтағы барлық елдер трансшекаралық көлік және энергетикалық жобаларға қатысқан ТүркПА мен ПАБСЭК арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін атап өтті.