Түркия-Әзірбайжан Парламенттік Достық тобы ТҮРКПA Хатшылығына келіп кетті
2018 жылғы 12 сәуірде Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Түркия-Әзірбайжан Парламенттік Достық тобы ТҮРКПА штаб-пәтеріне келіп кетті. Тобының Төрағасы Неждет Унювар, тобының Бас хатшысы Нюреттин Арас және мүшелері Нұреддин Небати, Угур Баярактутан және Камил Айдыннан тұратын топ Әзірбайжандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың мониторингісіне қатысты.
Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов қонақтарды қабылдап, топтың қызметін бағалады және парламентаралық достық топтарының елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Мамаюсупов мырза, ТҮРКПА парламенттік достық топтарының қызметіне үлкен көңіл бөліп, Ассамблея шеңберіндегі мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты тиімді дамытуға үлес қосатындығын айтты. Бұдан басқа, Бас хатшы топтың мүшелеріне мүше елдердің тиісті парламенттік топтарының мүшелері қатысуымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
Топтың төрағасы Неждет Унювар мырза ТҮРКПА-ның түркі әлеміндегі қарым-қатынастарды нығайтудағы атқарған жұмыстарына жоғары баға берді және мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен әлеуетке ие әлеуметтік саланы атап өтті. Сонымен қатар, Унювар мырза, 2014 жылғы Түрік Парламентінің мүше елдердің әлеуметтік мәселелер бойынша парламенттік комитеттерінің бірлескен отырыстарын өткізу туралы бастамасын жалғастыру қажеттілігін көрсетті.