Wednesday, 29 March 2023, 08:12:25 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Африка мен Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Кранс Монтана форумына қатысты

2018 жылғы 16-20 наурыз аралығында Мароккода ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Африка мен Оңтүстік-Оңтүстік бойынша Кранс Монтана форумына қатысты.

Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдар, парламентшілер және Африканың, Оңтүстік-Оңтүстік облысының және басқа да аймақтардан келген бизнес-қауымдастықтардың жетекші өкілдері қатысты.

XXI ғасырдағы урбанизация, мұхитты басқару, ауыл шаруашылығы, тұрақты даму, энергетика, денсаулық сақтау, жастар және парламенттегі гендерлік теңдік, Африка және Жібек жолы, көші-қон, климаттың өзгеруі сияқты негізгі проблемалар бойынша пленарлық мәжілістер 2000-нан астам қатысушыларды және 43 халықаралық ұйымдарды бүкіл әлемнен жинады.

17 наурызда Бас хатшы «Африка және Жібек жолы: жаһандық сауданың ауқымы мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық конференцияда «Жаңа Жібек Жолы мен ТҮРКПА-ға мүше елдер мен оның әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Бас хатшы жоғары деңгейдегі қатысушыларға жаңа Жібек жолын жүзеге асырудағы жобалар мен ТҮРКПА-ға мүше

елдердің рөлі туралы хабардар етті. Сонымен бірге Бас хатшы жобаның әлеуметтік және мәдени артықшылықтарына тоқталды.

Бас хатшы А.Мамаюсупов Кранс-Монтана форумының Президенті Пьер-Эммануил Кюринмен, ТРАСЕКА-ның Бас хатшысы Мирчеа Циопрагамен, Халықаралық энергетикалық форумның Бас хатшысы доктор Сон Дзяньчэнмен, Индонезияның Сыртқы саясат қауымдастығының негізін қалаушы, Дино Патти Джалал мырзамен және басқа да қатысушылармен әңгімелесті.

ТҮРКПА-ның Кранс-Монтана форумымен ынтымақтастығы 2016 жылы Брюссельде өткен Отандық және Ғаламдық Қауіпсіздік Форумы барысында қол қойылған өзара түсіністік меморандумы аясында жүргізіледі.

ТҮРКПА Бас хатшысы, Дахлада сөйлеген сөзі.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар