«Кастамону – 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» ашылу салтанаты
2018 жылы 21 наурызда Кастамону қаласындағы Республика алаңындағы Наурыз мерекесін жарықтандырудан кейін Түрік Республикасының Премьер-Министрі Бинали Йылдырымның қатысуымен «Кастамону-2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» ресми ашылуы болды.
ТҮРКСОЙ және Кастамонуның губернаторы мен муниципалитетімен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараға министрлер, парламентшілер, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Түркияның түрлі аймақтарынан қонақтар келді.
Өз сөзінде Бинали Йылдырым көктемнің басталуын бейнелейтін Наурыз мерекемен құттықтап, 21 наурыз Кастамону түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланған күні ғана емес, сонымен қатар Солтүстік жарты шардың барлық елдері мен өңірлерінде де мерекеленетін Наурыз мерекесі болып табылатындығын атап өтті.
Ашылу рәсімінен кейін аталмыш іс-шара Түркі әлемін білдіретін әртүрлі елдердің әртістерінің көркем туындыларымен жалғасты, соның ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, сондай-ақ Алтай, Башқұртстан, Саха Якутия, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Бурятия (Ресей Федерациясы), Гагаузия (Молдова), Македония, Косово, Сербия және Босния Герцеговина.
Іс-шараға ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз да қатысты.