Wednesday, 29 March 2023, 08:23:49 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде ұйымдастырылған ЕҚЫҰ Жібек жолын қолдау тобының конференциясы

2018 жылғы 13 наурызда Әзірбайжан астанасында Әзірбайжанның Милли Меджлисі мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Жібек жолын қолдау тобымен ұйымдастырылған «Экономикалық ынтымақтастық пен Жібек жолындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы парламентарийлердің рөлі» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға бірқатар сыртқы істер министрлер, парламент спикерлер және халықаралық ұйымдар басшылары мен ЕҚЫҰ ПА-ның жоғары деңгейдегі мүшелері қатысты.

Ашылу салтанатына Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров, ЕҚЫҰ ПА-ның Президенті Джордж Церетели, Моңғолияның Сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаратар, ЕҚЫҰ ПА-ға Монғолия делегациясының басшысы; Милли Меджлис төрағасының орынбасары Бахар Мурадова және ЕҚЫҰ ПА-ға Әзірбайжан делегациясының басшысы, ЕҚЫҰ-ның вице-президенті Азай Гулиев, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы (PABSEC) Асаф Гаджиев және Еуропа, Кавказ және Азия көлік дәлізінің үкіметаралық комиссиясының (TRACECA) Бас хатшысы Мирчеа Циопрага қатысты.

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Конференцияға қатысып, «Сенімділік, мәдениет алмасу және диалогты жылжыту мақсатында Құрастыру» атты тақырыпта баяндама жасады. Бас хатшы өз сөзінде түркітілдес елдердің көне Жібек жолын қайта жаңғыртудағы маңызды рөлін атап өтті, өйткені олар осы бағыттың үлкен бөлігін алып жатыр. Мамаюсупов мырза Жаңа Жібек жолының іс жүзінде дамуы, біріншіден, заңнамалық қолдауын және ТҮРКПА-ды қоса алғанда, әр-түрлі парламентаралық платформаларын қажет етеді, сондай-ақ осы процеске үлес қосу мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Конференция декларацияны қабылдаумен аяқталды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар