Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Cпикері Бас хатшыны қабылдады
2018 жылғы 20 ақпанда Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Исмаил Кахраман Бас хатшы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.
Қахраман мырза, ТҮРКПА-ның маңыздылығын атап, оның мүше елдердің ортақ этникалық, мәдени және тарихи байланыстарға және түркітілдес елдердің ынтымақтастығы институттарының құрамына кіретін аймақтық интеграция платформасы ретінде атап өтті. Ол сондай-ақ, Түркияның мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға толық қолдауын растады және Ассамблея шеңберіндегі төрт мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ТҮРКПА Хатшылығының рөліне айрықша көңіл бөлді.
Бас хатшы Мамаюсупов ТҮРКПА-ға қолдау көрсеткеніне алғысын білдірді және Хатшылықтың 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарын қысқаша хабардар етті. Тараптар ТҮРКПА-ның 8-ші Пленарлық отырысы бойынша және Түркиядағы 10-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар туралы пікір алмасты.
Кездесуге Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісі хаттамасының және сыртқы қатынастар департаментінің басшысы Джемалеттин Туней және ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз мырзалар қатысты.