ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Әзірбайжанға жұмыс сапары шеңберінде ТҮРКПА Хатшылығына келіп кетті
2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Огтай Асадов ТҮРКПА Хатшылығына келіп кетті.
ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов және Бас хатшының орынбасарлары Фуад Алакбаров , Наурыз Айдаров пен Али Йылдыз мырзалар - Әзірбайжан, Қазақстан және Түркия парламенттерінің өкілдері жоғары лауазымды қонақтарды қарсы алды.
Қонақтар Хатшылықтың залында фотостендпен және көрнекті авторлардың кітаптарын, түркі елдерінің достығы мен ынтымақтастығын бейнелейтін әсем альбомдар мен ұлттық рәміздері бар кәдесыйларды танытатын жаңада ашылғын кітапханамен танысты.
Таныстыру барысында Бас хатшы ТҮРКПА-ның ағымдағы және болашақтағы қызметі туралы Парламент басшыларына хабардар етті және ТҮРКПА-ның құрылуының алдағы 10-жылдығына ерекше мән берді.
Соңында Нұрлан Нығматулин мен Огтай Асадов Хатшылықтың ішкі ауласында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
Парламенттердің Төрағаларымен бірге екі елдің парламентарийлері, соның ішінде Әзірбайжан-Қазақстан парламентаралық достық тобының мүшелері келіп жүрді.