Friday, 01 July 2022, 00:42:08 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы

Бакуде Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтті
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
22.04.2022
2022 жылғы 22 сәуірде Бакуде Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінің негізгі тақырыбы «ТҮРКПА мүше елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау» болды. Мүше елдердің парламентшілері, сарапшылары, парламенттерінің, тиісті министрліктер мен мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысқан отырысқа Комиссия Төрағасы және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің депутаты Айбек Осмонов мырза төрағалық етті. Қатысушылар ТҮРКПА өңірінде әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілетудің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, мүше парламенттердің тұрақты өсу мен экономикалық дамудың маңызды элементі ретінде осы қоғамдық институтты дамыту жөніндегі қызметті қамтамасыз етуде атқаратын рөлін назарға салды. Сондай-ақ қатысушылар мүше елдердің тиісті саладағы ұлттық заңнамасын жақындастыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының сегізінші отырысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
20.09.2021
2021 жылғы 20 қыркүйекте депутаттар мен Хатшылық өкілдерінің қатысуымен ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы онлайн форматта өтті. Отырыс «Пандемия жағдайларында ТҮРКПА-на мүше елдердің ауылдық жерлердегі әлеуметтік ахуалы» атты негізгі тақырыпқа арналып, Комиссия төрағасының орынбасары және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің мүшесі Низами Джафаров мырзаның төрағалығымен өтті. Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстандағы Түркістан қаласында өтетін оныншы пленарлық отырыста ұсынылатын аталған мәселе бойынша есеп пен ұсынымдарды, сондай-ақ Комиссия шеңберінде әзірленген «Кинематография туралы» және «Кинематографиялық және өзге тыңдау-көру туындыларын өндіруге арналған шетелдік инвестицияларды тарту туралы» үлгілік заңдардың жобаларын талқылады және мақұлдады.
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының жетінші жиналысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
16.05.2019
2019 жылғы 16 мамырда Анкара қаласында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қолдауымен ТҮРКПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының жетінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселе ««БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша орнықты даму мақсаттары. ТҮРКПА-ға мүше елдердегі заманауи отбасылардың мәдени ерекшеліктері (заңнамадағы перспективалар)».
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының алтыншы жиналысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
18.12.2018
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 6-інші жиналысы
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының бесінші жиналысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының бесінші жиналысы
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының төртінші отырысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 4-інші отырысы