Saturday, 02 July 2022, 22:24:29 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының сегізінші отырысы

2021 жылғы 20 қыркүйекте ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы виртуалды форматта өтті.

Отырысқа Комиссия мүшелері мен Хатшылық өкілдері қатысты. Отырыс Комиссия төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі Сауытбек Әбдірахманов мырзаның төрағалығымен өтті. Қатысушылар «ТҮРКПА-ға мүше елдер арасында туризмді дамыту: COVİD-19 пандемиясының әсері мен болашақ перспективалар» атты негізгі тақырып бойынша талқылаулар өткізді.

Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін ТҮРКПА-ның оныншы пленарлық сессиясында ұсынылатын есеп пен ұсынымдарды, сондай-ақ құқықтық құжаттар болатын Үлгілік заңдар туралы, Әйел парламентарийлер тобы туралы және Жас парламентарийлер тобы туралы ережелердің жобаларын мақұлдады.