Tuesday, 17 May 2022, 12:51:56 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТҮРКПА-ның Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының алтыншы жиналысы
Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясы
20.09.2021
2021 жылғы 20 қыркүйекте Қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы Комиссия мүшелері мен ТҮРКПА Хатшылығы өкілдерінің қатысуымен виртуалды форматта өтті. Отырыс Комиссия төрағасы және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ахлиман Амирасланов мырзаның төрағалығымен өтті. Кездесу барысында қатысушылар «Су және жер ресурстарын басқару» тақырыбы бойынша пікір алмасты.
ТҮРКПА-ның Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының бесінші жиналысы
Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясы
30.05.2019
2019 жылғы 30 мамырда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында ТҮРКПА қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының бесінші отырысы өткізілді. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы «Табиғи ресурстарды экологиялық тұрғыдан тұрақты пайдалану: құқықтық қолдау» болды.
ТҮРКПА-ның Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының төртінші жиналысы
Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясы
14.09.2018
ТҮРКПА-ның Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының 4-інші жиналысы
ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының сегізінші отырысы
Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы
20.09.2021
2021 жылғы 20 қыркүйекте ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы виртуалды форматта өтті. Отырысқа Комиссия мүшелері мен Хатшылық өкілдері қатысты. Отырыс Комиссия төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі Сауытбек Әбдірахманов мырзаның төрағалығымен өтті. Қатысушылар «ТҮРКПА-ға мүше елдер арасында туризмді дамыту: COVİD-19 пандемиясының әсері мен болашақ перспективалар» атты негізгі тақырып бойынша талқылаулар өткізді. Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін ТҮРКПА-ның оныншы пленарлық сессиясында ұсынылатын есеп пен ұсынымдарды, сондай-ақ құқықтық құжаттар болатын Үлгілік заңдар туралы, Әйел парламентарийлер тобы туралы және Жас парламентарийлер тобы туралы ережелердің жобаларын мақұлдады.
ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының жетінші жиналысы
Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы
01.03.2019
2019 жылғы 1 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қолдауымен ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссиясының жетінші отырысы өтті. Кездесуге мүше елдердің парламентшілері мен сарапшылары, мүше елдердің тиісті министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Түркі Академиясы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті сияқты басқа институттардың қонақтары жиналды.
ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының алтыншы жиналысы
Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы
31.10.2018
ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының 6-інші жиналысы
ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы
Экономикалық әрекеттестік комиссиясы
20.09.2021
2021 жылғы 20 қыркүйекте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы виртуалды форматта өтті. Отырысқа Комиссия мүшелері мен Хатшылық өкілдері қатысты. Отырысқа Комиссия төрағасы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі Әмерхан Рақымжанов мырза төрағалық етті. Кездесудің басты тақырыбы «Жасыл экономиканы», инновацияларды және цифрландыруды заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесі» болды. Комиссия мүшелері 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстандағы Түркістан қаласында жоспарланған оныншы пленарлық сессияда ұсынылатын тақырып бойынша есеп пен ұсынымдарды және «Электрондық сауда туралы» үлгілік заң жобасын қарап, мақұлдады.
ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының жетінші отырысы
Экономикалық әрекеттестік комиссиясы
08.04.2019
2019 жылғы 8-ші сәуірде Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Милли Меджлисі (Парламенті) өткізген Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ТҮРКПА Комиссиясының жетінші отырысы болып өтті және мүше елдердің парламентшілері мен сарапшыларын жинады. Отырыстың басты тақырыбы: «Қолжетімді технологияны дамыту: ТҮРКПА-ға мүше елдердің ғылым және бизнес қоғамдастықтарының көп жақты ынтымақтастығы».
ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының алтыншы отырысы
Экономикалық әрекеттестік комиссиясы
18.12.2018
ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысын Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы 2018 жылғы 27-28 қыркүйекте Анкарада ұйымдастырды. Отырыстың басты тақырыбы - "ТҮРКПА-ға мүше елдердің инновациялық кәсіпкерліктерінің болашағы".
Бакуде Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтті
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
22.04.2022
2022 жылғы 22 сәуірде Бакуде Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінің негізгі тақырыбы «ТҮРКПА мүше елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау» болды. Мүше елдердің парламентшілері, сарапшылары, парламенттерінің, тиісті министрліктер мен мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысқан отырысқа Комиссия Төрағасы және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің депутаты Айбек Осмонов мырза төрағалық етті. Қатысушылар ТҮРКПА өңірінде әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілетудің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, мүше парламенттердің тұрақты өсу мен экономикалық дамудың маңызды элементі ретінде осы қоғамдық институтты дамыту жөніндегі қызметті қамтамасыз етуде атқаратын рөлін назарға салды. Сондай-ақ қатысушылар мүше елдердің тиісті саладағы ұлттық заңнамасын жақындастыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының сегізінші отырысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
20.09.2021
2021 жылғы 20 қыркүйекте депутаттар мен Хатшылық өкілдерінің қатысуымен ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы онлайн форматта өтті. Отырыс «Пандемия жағдайларында ТҮРКПА-на мүше елдердің ауылдық жерлердегі әлеуметтік ахуалы» атты негізгі тақырыпқа арналып, Комиссия төрағасының орынбасары және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің мүшесі Низами Джафаров мырзаның төрағалығымен өтті. Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстандағы Түркістан қаласында өтетін оныншы пленарлық отырыста ұсынылатын аталған мәселе бойынша есеп пен ұсынымдарды, сондай-ақ Комиссия шеңберінде әзірленген «Кинематография туралы» және «Кинематографиялық және өзге тыңдау-көру туындыларын өндіруге арналған шетелдік инвестицияларды тарту туралы» үлгілік заңдардың жобаларын талқылады және мақұлдады.
ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының жетінші жиналысы
Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы
16.05.2019
2019 жылғы 16 мамырда Анкара қаласында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қолдауымен ТҮРКПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының жетінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселе ««БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша орнықты даму мақсаттары. ТҮРКПА-ға мүше елдердегі заманауи отбасылардың мәдени ерекшеліктері (заңнамадағы перспективалар)».
ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер комиссиясының үшінші отырысы
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер комиссиясының үшінші отырысы
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының екінші отырысы
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының екінші отырысы
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссияның бірінші отырысы
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі комиссияның бірінші отырысы
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясының үшінші отырысы
ТҮРКПА-ның халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясының 3-ші отырысы
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясының екінші отырысы
ТҮРКПА-ның халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясының екінші отырысы
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссияның бірінші отырысы
ТҮРКПА-ның халықаралық байланыстар жөніндегі комиссиясы
17.09.2018
ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы