Friday, 28 January 2022, 15:22:38 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Іс басындағы Төрағасы Н.З. Нығматулиннің Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Іс басындағы Төрағасы Н.З. Нығматулиннің Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

2021 жылғы 28 қыркүйек, Түркістан қаласы

Аса құрметті ТүркПА-ның пленарлық отырысына қатысушылар!

Құрметті шақырылған қонақтар!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, екі дүниенің есігі, ер түріктің бесігі, қасиетті де киелі Түркістан жеріне қош келдіңіздер.

Бұл – Еуропа және Азияны байланыстыратын Ұлы Жібек жолы, бүкіл Түркі елінің ортақ қазынасы – Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар, тамыры терең тарихи мекен.

Бүгінде осы құтты мекен – Қазақстанның Тұңғыш Президенті -Елбасы, Түркі Кеңесінің құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қайта жаңғырды.

Жаңа Түркістан облысы құрылып, «Түркістан – Түркі әлемінің

рухани Астанасы» болып, аз уақыттың ішінде толықтай жаңарып, салтанаты жарасқан сәулетті қалаға айналды.

Бұл тек Қазақстан ғана емес, барша Түркі мемлекеттеріне ерекше серпін беретіні сөзсіз.

Осындай бабалар жолын жалғастырған, жаңа тарихты бастаған Түркістан жерінде өздеріңізбен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

Осы айтулы форумға қатысу үшін келген арнайы қонақтар - Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан елдерінің делегация мүшелеріне, халықаралық ұйымдар өкілдеріне зор ризашылығымызды білдіреміз.

ТүркПА Регламентінің 10-бабы 2-тармағына сәйкес Ассамблеяның Х пленарлық отырысын ашық деп жариялаймын.

Құрметті достар!

Биыл Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Түрікменстан үшін айтулы тарихи белес, ерекше маңызды кезең.

Себебі, біздің елдеріміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.

Бұл әрбір мемлекет үшін баға жетпес байлық, зор мақтаныш.

Бұл уақыттың ішінде біз көптеген қиындықтарды жеңіп қана қоймай, өз даму жолын жасаған танымал ел атандық.

Барлық салада толағай табыстарға қол жеткіздік.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар