Friday, 28 January 2022, 16:39:24 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау сөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау сөзі

2021 жылғы 28 қыркүйек

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Мәртебелі меймандар!

Сіздерді Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының ашылуымен құттықтаймын!

Казақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА - бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым.

Мерейтойлық басқосудың қасиетті Түркістан қаласында өтуінің зор символдық мәні бар.

Түркі дүниесінің «рухани астанасында» өтіп жатқан алқалы жиын тамырлас халықтарды ортақ мүддеге жұмылдырады.

Біздің елдеріміз алдына зор мақсаттар қойып отыр.

Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет.

Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз.

Осы ретте жаһандық және өңірлік түйткілдерге байланысты ұстанымымыз бір болуы айрықша маңызды.

Бұл жұмыста ТүркПА-ның алатын орны ерекше.

Біздің парламенттеріміз әрбір мәселеге түркі жұртының тұтастығы тұрғысынан қарауы керек.

Бүгінгі басқосуда осы бағытта салиқалы ойлар айтылып, тың бастамалар көтеріледі деп сенемін!

Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Түркі халықтарының бірлігі арта берсін!

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар