Wednesday, 19 January 2022, 12:45:41 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХАТШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА)

ХАТШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1-бап. Жалпы ережелер

1.1. Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық) Парламенттік Ассамблеяның, оның Кеңесінің, комиссияларының және басқа органдарының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

1.2. Хатшылық Ассамблеяның тұрақты түрде жұмыс істейтін жұмыс органы болып табылады.

1.3. Хатшылық өз қызметінде 2008 жылғы 21 қарашада қол қойылған Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы туралы Стамбұл келісімін, Ассамблея Регламентін, Ассамблея мен оның Кеңесінің шешімдерін, осы Ережені, ТүркПА Кеңесі Төрағасының өкімдерін, Хатшылықтың мекен-жайы орналасқан елдің заңнамасын басшылыққа алады.

1.4. ТүркПА Хатшылығы орналасатын мемлекет және қабылдайтын мемлекеттер Хатшылыққа өз функциясын орындау үшін қажетті жағдайларды жасайды, Хатшылық ғимараттарына тиіспеушілік, иммунитеттер және артықшылықтармен қамтамасыз етеді.

1.5. Хатшылық қызметкерлері өз міндеттерін ТүркПА-ның мақсаттары мен міндеттеріне сай орындауға тиіс.

2-бап. Хатшылық функциялары

2.1. Хатшылық мынадай функциялар атқарады:

2.1.1. ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттердің және басқа елдердің парламенттерімен байланысты қамтамасыз ету;

2.1.2. Ассамблеяның, оның Кеңесінің және басқа органдарының отырыстарының материалдарын дайындау;

2.1.3. Ассамблеяны, оның Кеңесін және басқа органдарын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету;

2.1.4. Ассамблеяның, оның Кеңесінің және басқа органдарының шешімдерін орындау туралы ақпаратты жинақтап, қорыту;

2.1.5. материалдарды парламенттерге жіберу және оларға іс-шаралар туралы хабарлау;

2.1.6. Ассамблея мұрағатының қызметін ұйымдастыру;

2.1.7. Ассамблеяның баспа басылымдарын шығаруды ұйымдастыру;

2.1.8. бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

2.1.9. Ассамблеяның, оның Кеңесінің және басқа органдарының қызметін шаруашылық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

3-бап. Бас Хатшының өкілеттігі

3.1. Хатшылықтың қызметін Бас Хатшы – ТүркПА Хатшылығының басшысы басқарады.

3.2. Бас Хатшы – Хатшылық басшысы ТүркПА-ға қатысушы елдер азаматтарының қатарынан Ассамблея кеңесінің ұсынысымен 4 жыл мерзімге ағылшын әліпбиі ретімен Ассамблеяның жалпы отырысында сайланады. Бас Хатшы өкілеттігі аяқталғанынан кейін Хатшылықта қандай да бір лауазымда жұмыс істей алмайды. Бас Хатшы халықаралық қызметкер болып саналады.

3.3. Бас Хатшы:

3.3.1. Хатшылықтың қызметіне басшылықты жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндетті орындау жауапкершілігін мойнына алады;

3.3.2. ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттер заңды тұлғаларының және ұйымдарының алдында Хатшылық атынан іс-қимыл жасайды;

3.3.3. Ассамблея кеңесінің тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдармен қатынаста оның мүдделерін білдіреді;

3.3.4. Ассамблея кеңесінің шешімдерін және оның Төрағасының тапсырмаларын Хатшылықтың орындауын ұйымдастырады;

3.3.5. Алдағы жылға арналған шығыстар сметасының жобасын және өткен жылдағы шығыстар сметасын орындау туралы есепті Ассамблея кеңесінің қарауына енгізеді;

3.3.6. Ассамблея кеңесі Төрағасымен келісе отырып, Хатшылық бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді;

3.3.7. Хатшылықтың құрылымдық бөлімшелері соның негізінде жұмыс істейтін ережені бекітеді;

3.3.8. Хатшылықтың негізгі бөлімшелерінің жұмысын бағыттайды;

3.2.9. Хатшылық жұмысының перспективті және күнтізбелік жоспарын бекітеді;

3.3.10. Өзіне осы Ережемен берілген өкілеттік шегінде Хатшылықтың мүлкі мен құралдарына билік етеді, шарттар мен келісімшарттар, оның ішінде еңбек келісімшарттарын жасасады, сенімхаттар береді;

3.3.11. Банктік мекемелерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады;

3.3.12. Хатшылықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады;

3.3.13. Өзі тағайындайтын Хатшылықтың қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;

3.3.14. Ассамблея Кеңесі және Кеңес Төрағасы Хатшылыққа жүктеген басқа да функцияларды атқарады.

4-бап. ТүркПА-ға қатысушы мемлекет парламенті өкілінің – ТүркПА-ға қатысушы – Бас Хатшы орынбасарының өкілеттігі

4.1. ТүркПА Хатшылығының құрамына ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің тұрақты негізде жұмыс істейтін өкілдері – Бас хатшының орынбасарлары кіреді.

4.2. Бас Хатшының орынбасарлары ТүркПА-ға қатысушы елдер азаматтарының қатарынан Ассамблея Кеңесінің ұсынысымен 4 жыл мерзімге қатысушы елдердің ағылшын әліпбиі ретімен Ассамблеяның жалпы отырысында сайланады. Бір тұлға Бас хатшы орынбасарының лауазымына екі реттен артық сайлана алмайды. Әрбір елдің Хатшылықта Бас хатшы немесе оның орынбасары ретінде тек бір ғана өкілі болады. Бас Хатшының орынбасарлары халықаралық қызметкер болып саналады.

4.3.Бас Хатшының орынбасарлары:

4.3.1. тиісті парламенттермен өзара ықпалдастықты жүзеге асырады;

4.3.2. Бас Хатшының тапсырмаларын орындайды, оған күнделікті көмек көрсетеді;

4.3.3. ТүркПА-ның және оның Кеңесінің, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының жұмысын ұйымдастыруға қатысады;

4.3.4. Ассамблеяның және оның ұлттық парламенттердегі органдары шешімдерінің іске асырылуын қадағалауды ұйымдастырады;

4.3.5. ТүркПА-ның басқа өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстарын ұйымдастыруға қатысады;

4.3.6. ТүркПА-ның мерзімді және басқа да басылымдарының шығарылуына жауап береді;

4.3.7. Кеңестің отырыстары мен Ассамблеяның сессиялары үшін құжаттардың жобасын дайындайды;

4.3.8. ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттер парламенттерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;

4.3.9. ТүркПА-да протоколдық практиканың қамтамасыз етілуіне жауап береді.

5-бап. Комиссиялардың хатшылары және олардың өкілеттігі

5.1. Комиссиялардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін

ТүркПА Бас Хатшысының ұсынысы бойынша Ассамблея

Кеңесі Ассамблея Хатшылығы шеңберінде өз функцияларын

атқаратын әрбір комиссияның хатшыларын сайлайды;

5.2. Комиссиялардың хатшыларын ТүркПА Бас хатшысының

ұсынысы бойынша Ассамблея Кеңесі әрбір қатысушы елден бір-

бір адамнан үш жылға сайлайды. Бір адам екі реттен

артық хатшылыққа сайлана алмайды. Комиссиялардың

хатшылары халықаралық қызметшілер болып саналады;

5.3. Комиссиялардың хатшылары:

5.3.1. Бас хатшының өкімдерін тәуелсіз, сондай-ақ тиісті

орынбасардың жердемдесуімен орындайды;

5.3.2. Комиссиялардың хат алмасуын жүзеге асырады;

5.3.3. Комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырады, қажетгі

құжаттарды, есептердің, ұсынымдардың жобаларын

дайындайды және жаңа жобалар мен ұсыныстарды қарайды;

5.3.4. Комиссиялар отырыстары хаттамаларының және

отырыстарда қабылданған шешімдердің түпкілікті нұсқаларын

дайындайды;

5.3.5. Комиссиялардың отырыстарында қабылданған

шешімдердің орындалуын қадағалайды;

5.3.6. Комиссиялар тарапынан құрылған уақытша комиссиялар

мен өзге де комиссиялар арасындағы қызметті үйлестіреді,

сондай-ақ олардың төрағаларын және Бас хатшының

орынбасарларын өздері қарайтын мәселелері туралы хабардар

етеді;

5.3.7. Бас хатшының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі

орынбасарын тиісті комиссиялардағы өзгерістер туралы

хабардар етеді;

5.3.8. Комиссиялардың қызметіне қатысты құжаттарды

мұрағаттауды қамтамасыз етеді;

5.4. Қатысушы елдер ТүркПА Хатшылығына комиссия

хатшысының лауазымына үміткерлер туралы ақпаратты

жазбаша түрде Ассамблея Кеңесінің отырысына дейін екі ай

бұрын ұсынады;

5.5. Хатшылық ТүркПА -ға қатысушы елдердің парламенттерін

лауазымдық бос орын жариялаған сәттен бастап бір айдан

кешіктірмей хабардар етеді.

5.6. Комиссия хатшысының лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

5.6.1. Үміткерді елдің мемлекеттік органдарына жауапты лауазымға тағайындайтын кезде талап етілетін тиісті жоғары білімі;

5.6.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілі болып табылатын ағылшын тілін және ТүркПА -ның ресми тілдерінің бірін білуі;

5.6.3. Ең кемінде екі жылдық жұмыс, атап айтқанда, халықаралық немесе парламентаралық қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдарда жұмыс өтілінің болуы.

5.7. Комиссия хатшысың лауазымына үміткерге қойылатын басқа да талаптарды жұмысының ерекшелігіне қарай Бас хатшы айқындайды.

6-бап. Қызмет орындарының ауысуы

6.1.Бас хатшы немесе оның орынбасарларының өз еркімен отставкаға кетуіне немесе қайтыс болуына байланысты тиісті тарап босаған орынға жақын арада өткізілетін Жалпы отырыс барысында қалған мерзімге өз кандидатурасын енгізеді. Сайланғанға дейін үміткер бос орындағы міндеттерді атқарады.

7-бап. Хатшылық бюджеті

7.1. Хатшылық бюджеті ТүркПА-ға мүше парламенттерінің үлестік жарналарынан, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының заңында тыйым салынбаған үй-жайды, мүлікті және өзге де шаруашылық қызметін жалға беру шарттары бойынша түсетін қаражаттан тұрады.

7.2. ТүркПА-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің жарналары Келісім елінің ішкі жалпы өнімнің жылдық көлеміне сәйкес мынадай үлеспен белгіленеді:

- Әзірбайжан – 2/15;

- Қазақстан – 4/15;

- Қырғызстан – 1/15;

- Түркия – 8/15.

7.3. Ассамблея Төрағасының келісімімен Бас Хатшы жалпы шығындар бойынша үнемделген қаражатты бюджетте қарастырылған басқа да мақсаттарға жұмсай алады.

7.4. Жарналар екі бөлікпен әр жылдың бірінші және жетінші айларында аударылады.

7.5. Бюджеттің орындалуын қадағалауды Келісім Тараптары өкілдерінің қатысуын ескере отырып, Ассамблея Төрағасы құрған уақытша комиссия жүзеге асырады.

7.6. Хатшылықтың мүлкі мен қаражаты оның балансында көрініс табады және орналасқан елдің заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

7.7. Хатшылық бюджетінің жобасы Ассамблея Кеңесінде мақұлданып, Ассамблея отырысында бекітіледі.

8-бап. Хатшылықтың орналасатын жері

8.1. Хатшылық тұрақты негізде Баку қаласында, Әзірбайжанда орналасады.

8.2. Хатшылық заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады, банк мекемелерінде тиісті шоты (манаттық және валюталық), өзіне бекітілген мүлкі, толық атауы көрсетілген мөрі және дербес мекеме ретінде басқа да деректемелері болады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар