Төраға

Нурланбек ШАКИЕВ мырза
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы
_________________________________________________________
1977 жылы 13 мамырда Жалал-Абад облысы Ақсу ауданы Қара-Жығаш ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. К.И. Скрябин атындағы Қырғыз аграрлық академиясындағы Экономика және агробизнес факультетін бітірген.
Еңбек жолын «Обон» газетінде Бас редактордың орынбасары, кейін Редактор болып бастаған.
1997-1999 жылдары – «Учкун» газетінің Бас редакторы;
1999-2004 жылдары – «Эркин-Тоо» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары;
2004 жылы – Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Баспасөз хатшысы;
2005-2006 жылдары - «Эркин-Тоо» газетінің Бас редакторы;
2006-2009 жылдары - Қырғыз Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;
2009-2010 жылдары – «ЭлТР» қоғамдық телерадиокомпаниясының Бас директоры;
2010-2011 жылдары - Қырғыз Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
2012-2014 жылдары – «Ата-Журт» парламенттік фракциясы Басшысының кеңесшісі;
2017-2021 жылдары – «2 канал» (New TV) телеарнасының негізін қалаушы, Бас директоры.
2021 жылы № 17 Ақсу сайлау округінен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің VII шақырылым депутаты болып сайланды.
2022 жылғы 29 наурызда «Ата-Журт Кыргызстан» парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланды.
2022 жылғы 5 қазанда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы болып сайланды.
Мемлекеттік қызметтің 2-ші сынып мемлекеттік кеңесшісі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Атқару Комитетінің Құрмет грамотасымен, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) мерейтойлық медалімен және басқа да ведомстволық наградалармен марапатталған.