Іс-шаралар
ТҮРКПА хатшылығы
Хатшылық тұрақты негізіңде Әзербайжанда, Баку қаласында орналасқан және құрамына мүше төрт ел өкілдері енген. Хатшылықта ТҮРКПА-ға мүше елдердің өкілдері жұмыс істейді.
ТҮРКПА Хатшылығы парламенттік ассамблеяның, кеңестің және комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді. Бас хатшы Хатшылықтың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттары:
* Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;
* Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері;
* Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды;
* Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу;
* Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту;
* Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;
* Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау;
* Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру;
* Өзара мүдде негізінде саяси мәселелерді талқылау.